Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің креативті индустрия өкілдерімен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің креативті индустрия өкілдерімен кездесті. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысына музыка, әлеуметтік желі, киноиндустрия,  жасанды интеллект және киберспорт салаларында табысқа жеткен отандық жобалар таныстырылды.