10 өңірде су тасқыны болуы мүмкін – ТЖМ

Қазақстанның 10 өңірінде су тасқыны болуы мүмкін. Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі осылай деді.

Қазір құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Астана маңында да қауіпті аймақтар анықталды. Ақмола облысының әкімі мен төтенше жағдайлар министрі әуеден барлау жұмыстарын жүргізді. Қазір өңірдегі өзен арналары әлі жіби қоймаған. Ал, далада қарғын су жинала бастаған. Яғни, судың жайылып кету қаупі бар, - дейді мамандар.


Фото: inbusiness.kz