Несие саясатындағы өзгерістер

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын  қарап, екі бірдей оқылымда мақұлдап, Сенатқа жолдады. Аталған құжат Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын және «Экономиканың нақты секторына кредит беруді кеңейту және халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 10 наурыздағы № 140 Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленді. Заң күшіне енсе не өзгереді? Азаматтардың кредиттік берешегі азая ма? Бүгін, Қазақ радиосының «Мінбер» хабарында осы сауалдар жан-жақты талқыланды.

Спикер: біз ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Үзнила Шапақ.

Толығырақ эфирдің аудио нұсқасында...