Құмар ойындарға қатысты 50-ден аса шектеу енгізілмек

Енді букмекерлік кеңселер мен казинолардың жарнамасы шектеледі. Ал ойында бәс тігу жасы 21 жастан 25 жасқа дейін көтеріледі. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде айтылды. Онда ойын бизнесін реттеу, яғни лудоманиямен күрес бойынша заң жобасы таныстырылды.

Былтыр букмекерлік кеңселердің жылдық айналымы бейресми ақпараттар бойынша 1 триллион теңгеге жеткен. Бүгінде құмар ойындары жылжымайтын мүлік нарығын басып озып, алдыңғы орынға шыққан. Бұл мәселеге президент Қауіпсіздік кеңесінің отырысында да, Ұлттық құрылтайда да бірнеше рет ерекше тоқталған болатын. Толығырақ


Фото: egemen.kz