Қ.Шарлапаев: Утильалым арзандамайды

Қазақстанда утиль-алым мөлшері өзгермейді. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев осылай деді.

Мәселені қозғап жүрген беленді азаматтар, Мәжіліс депутаттары бұл тақырыпта бірнеше мәрте жиын өткізген. Нәтижесінде «кәдеге жарату» төлемін арзандатуға өнеркәсіп министрлігінен басқа барлық мемлекеттік орган келісімін берген. Ал Қанат Шарлапаев, бұл төлем арқылы қарапайым азаматтарды жұмыспен қамтимыз дегенді алға тартты.


Фото: egemen.kz