Жыл басынан бері 3 мың қазақстандық интернет алаяқтарға 4 млрд теңгесін беріп жіберген

Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде жыл басынан бері ең көп тіркелген интернет алаяқтық түрлерін атады.


«2 айда 3 мыңнан астам интернет алаяқтық тіркеліп, азаматтарға 4 млрд теңгеден астам шығын келді. Біздің елде интернет алаяқтықтың ең көп тараған тәсілі белгілі сауда алаңдары мен чаттарында, әлеуметтік желі мен мессенджерлерде хабарландыру мен жарнамалар арқылы жасалатын интернет сауда. Әдетте алаяқтар өз қызметінің немесе тауардың бағасын нарықтағыдан төмен етіп көрсетіп, алдын ала төлем сұрайды. Биыл 1 мыңнан астам осындай қылмыс тіркелді», - деді орталық бастығы.


Оның сөзінше, алаяқтардың құрбаны болмау үшін азаматтарға:

«Жыл басынан бері 300-ден астам қазақстандық осындай схемаларға алданған Олар өз ақшаларын өмірде жоқ жобаларға салды. Кейбірі тіпті несие алып салған. Алаяқтар ұлттық компаниялардың банктердің, криптобиржалардың атынан жалған сайт құру арқылы азаматтарды адастыруда», - деді ол.

«Келесі кең таралған әдіс – банктер мен құқық қорғау органдарының, басқа мемлекеттік орган қызметкерлерінің атынан шалынатын телефон қоңыраулары», - деді Жандос Сүйінбай.



Дереккөз: inform.kz