Ақтөбеде суға кету қаупі бар ауылда егіздер өмірге келді

Ырғыз ауданы Нұра ауылында өмірге келген сәбилер анасымен бірге аудан орталығына жеткізілді. Олар тікұшақпен тасымалданды.

Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ырғыз ауданын аэровизуалды тексеру кезінде эвакуацияланғандар арасындағы жас ана мен жаңа туған егіздерге көмек көрсетілді.

- Бұл жас ананың алтыншы баласы. Бәрінің жағдайы жақсы. Қазір Ырғыз орталық перзентханасында жатыр. Біреуінің салмағы - 2 800, екіншісінің салмағы - 3050 грамм, - деді Ырғыз аудандық перзентханасының акушер-гинекологі Кәмшат Сәрсенғалиева.


Дереккөз: inform.kz