Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге "Қазақстан халқына" қоры 5 млрд теңге бөледі

Су тасқыны салдарынан зардап шеккен өңірлерге баспана салуға Қазақстан халқына қоры 5 млрд теңге бөледі. Бұл туралы қоғамдық қордың басқарма төрағасы Болат Жәмішев республикалық штаб отырысында айтты.

Қор 2022 жылғы сәуір айында Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданына қайырымдылық көмек көрсеткен еді. Ол кезде су тасқынынан зардап шеккен ауылдарда 200 үй салуға қаржы бөлінген.


Фото: halyq-uni.kz