Төтенше жағдай кезінде мал мен мүліктің шығынын өндіріп алуға болады

Ол үшін мүлкіңіз сақтандырылғаны абзал. Мамандар қолда бар дүниені сақтандыруға кеңес береді. Бұл ерікті түрде жасалады.

Мәселен, Түркиядағы зілзала аумағындағы барлық тұрғын үйлер сақтандырылған. Соның арқасында былтырғы жер сілкінісінде мемлекет барлық шығынның 30%-ын компаниялардан өндіріп алған.

Бұл сақтандыру қызметінің арқасында, ауыр дертке шалдыққандар мен қиын жарақат алғандар қажетті деңгейде медициналық көмекке жүгіне алады. Сонымен қатар, қорадағы малыңызды, көлігіңізді, тіпті денсаулығыңызды сақтандыруға мүмкіндік бар. Мұның тиімді жағы көп дейді мамандар. Мысалы, үйіңіз суға кетіп немесе өртеніп кетсе, еркін сақтандыру арқылы барлық шығынды қайтарып ала аласыз.



Фото: egemen.kz