Енді дронның кез-келген түрі есепке қойылады. Бұған дейін салмағы 250 граммға дейінгі пилотсыз ұшу құралдары есепке алынбайтын.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі бұған тұрғындардың жеке өмірінің қауіпсіздігі үшін барғандарын айтады. Жаңа заңға сай дрон қолданушылары елді мекендердер мен аэродромдардан алыс аумақтарды рұқсатсыз түсіре алады.
Ал, қалалар мен ерекше қорғалатын аймақтарды түсіру үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі, аймақтық әуе қоғалыс бақылау орталығы сынды бірнеше мекемеден рұқсат алу керек. Ережеге бағынбағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Фото: egemen.kz