Орал қаласында Шаған және Деркөл өзендері қауіпті деңгейден асып кетті

Орал қаласында Шаған және Деркөл өзендері қауіпті деңгейден асып кетті. Мамандардың бағалауынша, Деркөл өзенінің гидробекетінде су деңгейі 708 (қауіпті деңгейі – 600-650 см), Шағанда 1 264 сантиметрге, сондай-ақ Жайықта 583 сантиметрге жетті.

Шаған және Деркөл өзені бір арнады толық тоғысты. Жайық өзенінің көтерілуі және аталмыш екі өзеннің тоғысуы судың ағыспен кетпей, сыртқа шығуына алып келді. Соның салдарынан өзен сулары арнаға сыймай, Орал қаласындағы Самал шағын ауданына жайыла бастады. Қазіргі уақытта Самал шағын ауданының тұрғындарын қауіпсіз жерлерге, эвакуациялық пункттерге көшіру жүргізілуде. Төтенше жағдайлар мен коммуналдық қызмет мамандары жұмыс істеп жатыр.

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Самал шағын ауданына барып, жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр. Тиісті жұмыстар жүргізілуде.



Фото: БҚО ТЖД