Шымкентте полиция екі фитозертхананы жойды. Бұл туралы Polisia.kz. жазды.
Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа карсы күрес басқармасы арнайы іс-шаралар барысында 37 жастағы тұрғынның басқаруындағы Volkswagen Touareg автокөлігін ұстады.
«Көлік ішінде марихуана салынған 2 пластик сыйымдылығы табылды. Азаматтың жалдаған пәтерін тексеру кезінде фитозертхана анықталды. Арнайы желдету жүйесі, диодты шамдар, ылғалдылықты өлшеу құралдары, термометр және автоматты суарумен жабдықталған бөлмеде ер адам қарасора өсірген» - делінген хабарламада.
Дәл осындай зертхана ер адамның сыныптасының үйінде де анықталды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 13 келіден асады. Оның ішінде қарасора бұталары мен көшеттері және 15 бір литрлік сиымдылықтарға салынған марихуана бар. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.