Жаңа отандық вагондар жолға шығады

Бүгін 9 сәуірде Қызылорда қаласының теміржол вокзалынан №21/22 «Қызылорда-Семей» жолаушылар пойызы жаңа отандық вагондармен жолға шығады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл бағытқа барлығы 44 жаңа жолаушылар вагоны жеткізілді, оның ішінде 29 купе және 15 плацкарт бар.

«Бұл жолы Қызылорда-Семей бағытындағы вагондар 100% жаңарды. Пойыз 4 құрамнан тұрады, әр құрамда 12 вагон бар. Оның ішінде 6 купе және 6 плацкарт. Пойыз күнделікті қатынайды. Бір бағытта жолаушылар құрамы орта есеппен 528 адамды тасымалдай алады», - деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма Төрағасы Жәнібек Тайжанов.

Жаңа вагондар жайлылық пен қауіпсіздіктің барлық заманауи талаптарына сай келеді.


#ҚТЖ