Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Сергеевка су қоймасын, Қызылжар ауданын және Петропавл қаласының төңірегін тікұшақпен аралады.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің айтуынша, алты ауданда төтенше жағдай жарияланған. Қазіргі таңда 2 мыңнан астам тұрғын үйді су басқан, 10345 адам эвакуацияланған.

Су тасқынына қарсы шараларға 5270 адам және 906 техника жұмылдырылған.