Қарағандыда робот-хирург миға күрделі операция жасады

Қарағандыда тұңғыш рет робот-хирург миға күрделі операция жасады. Эпилепсияның қиын түрімен ауыратын науқасқа нейрохирургтар заманауи құрылғының көмегімен ем-шара көрсетті.

Әмбебап машина ми ісігін биопсиялау, мидың терең стимуляторын импланттау сынды бұрын-соңды сағаттап өтетін операцияларды тез әрі сапалы жасап шықты. Робот-хирургты тәжірибелік сынақтан өткізу үшін Қытай дәрігерлері көмек көрсетті. Келешекте еліміздің клиникаларына осындай заманауи қондырғылар алынатын болады.