Шымкентте шаруалар жер салығына миллиардтаған теңге қарыз

Жер салығына миллиардтаған теңге қарыз болған шымкенттік шаруалар биыл көктемгі егіске кірісе алмай отыр. Берешек салдырынан олардың есепшоттары бұғатталып, мемлекет тарапынан берілетін субсидиядан да қағылған.

Қарыз шаһар республикалық маңызы бар қала мәртебесін алғалы бері қордаланып келеді. Шаруалар оған дейін 1 гектар үшін небәрі 90-190 теңгенің арасында салық төлеп келген болса, мегаполис атанғаннан соң мемлекетке кіріс есебінде мың есе артық ақша аударуына тура келген. Яғни қазір 1 гектарға 91 мың 700 теңге салық аударуы тиіс. Бүгінде мыңдаған қаруа қожалығының небәрі бесеуі ғана аразан бағадағы жанар-жағар майды, тағы оншақтысы минералды тыңайтқыш үшін берілетін субсидия қаржыны алу мүмкіндігіне ие.


Фото: azh.kz