71 мың адамның өзін банкрот деп тану туралы өтініші кері қайтарылған

Өзін банкрот деп тануға өтініш бергендердің 78 пайызының өтініші мақұлданбады. Оның бірнеше себебі бар. Бұл туралы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері мәлімдеді. 


Соңғы бір жылда төлем қабілеті нашарлаған 91 мың тұрғыннан банкроттыққа өтініш түскен. Үкіметтен мұндай қарыздарды кешіруге қаражат қарастырылмаған. Бұл қаржылық ұйымдардың өздерінің тәуекелі дейді жауапты министрлік өкілдері. Қазірдің өзінде ел азаматтарының 22 млрд теңгеден аса қарызы кешірілген.


Фото: aqmeshit-zhastary.kz