Қазақ балуаны әлемдік рейтингте бірінші орынға шықты

Еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілді. Отандасымыз бірер күн бұрын Бішкекте өткен Азия чемпионатында топ жарды.

86 килоға дейінгі салмақта белдесетін Азамат Азия чемпионатында үшінші рет топ жарды. Осылайша UWW рейтингінде Олимпиада чемпионы (2020 жылы), үш дүркін әлем чемпионы (2018, 2022, 2023) Дэвид Тейлорды артта қалдырып, көш басына шықты.

Азия чемпионаты қорытындысы бойынша рейтингте нәтижесі жоғарылаған өзге де балуандар бар. 57 килода күміс медаль еншілеген Мейрамбек Қартбай 34 500 ұпаймен 4-орынға көтерілді.



Дереккөз: msportskz