Атырауда Жайық өзенінің Каспий теңізіне құяр сағасы тереңдетіліп жатыр

Жайық өзенінен Каспий теңізіне судың шығуын жеделдету мақсатында қазіргі тереңдігі небәрі 40-50 см болатын түбін тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл өңірге келетін нөпір суды өз ағысымен теңізге ағызып жіберуге үлкен септігін тигізеді дейді мамандар.

Жұмысты аяқтағаннан кейін ені 20 метр болатын өзен сағасының тереңдігі 40-тан 200 см-ге дейін артады деп күтілуде. Бұл жұмыстарды жүргізу Жайық өзенінен Каспийге судың тиімдірек ағуына ықпал етеді. Су жолын тазарту, тереңдету және кеңейту үшін екі экскаватор қолданылады.


Фото: baq.kz