Су тасқыны: Мұнай өндіретін 493 ұңғыма жұмысы тоқтап тұр

Еліміздің Атырау мен Ақтөбе облыстарына су тасқынына байланысты 493 ұңғыма мұнай өндіруін тоқтатып тұр. Бұл туралы Энергетика министрлігінен мәлім етті.

Министрліктің мәліметінше, су тасқынына байланысты Ақтөбе және Атырау облыстарының бірқатар мұнай өндіруші кәсіпорнында 634 ұңғыманың жұмысы тоқтатылды. Ал мұнай өндірудің жалпы шығыны 16 мың тоннаны құрады.

«Бүгінгі таңда 141 ұңғыманың жұмысы қалпына келтірілді. Әлі де 493 ұңғымада мұнай өндіру тоқтатылды. Оның ішінде Ақтөбе облысында - 489 ұңғыма («СНПС – Ақтөбемұнайгаз» АҚ 440 ұңғыма, «ҚМК Мұнай» АҚ 25 ұңғыма, «Фирма Ада Ойл» ЖШС 24 ұңғыма) және Атырау облысында - 4 ұңғыма («Ембімұнайгаз» АҚ 3 ұңғыма, «5А Ойл» ЖШС 1 ұңғыма)», - деп нақтылады ведомстводан.

Қазіргі уақытта ұңғымаларды қалпына келтіруге бағытталған мынадай жұмыстар жүргізіліп жатыр:

– сорғы жабдықтарымен және агрегаттармен су айдау, топырақпен толтыру, ұңғымаларды тоқтан ажырату және герметизациялау;
– елді мекендерде су тасқынына қарсы жаңа үйінділерді салу және қолданыстағы үйінділерді нығайту жұмыстарын жүргізуге, бөгеттерді көтеру және жөндеу жұмыстарына көмек көрсету.


Дереккөз: inform.kz