Гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген қаражатты ұрлағандар үстінен іс қозғалды

ҚМА гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген қаражаттың жұмсалуын тексереді. Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Дмитрий Малахов осындай тапсырма берді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет, квазимемлекеттік компаниялар, кәсіпкерлер, қоғамдық қорлар 140 млрд теңгеден астам қаржы бөлді.  ҚМА басшысы су тасқыны салдардын жою үшін бөлінген ақшаны мақсатты пайдалануды тапсырды.

Агенттік Алматы қаласында, Ақтөбе, Қызылорда, Ұлытау облыстарында жымқыру белгілері бойынша төрт іс қозғады. 5 адам күдікті деп танылды. Залалдың жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асты.


Фото: ortcom.kz