Петропавлда су тасқынының екінші толқыны басталды

Петропавлда су тасқынының екінші толқыны басталды. 28 сәуірде шарықтау шегіне жетеді деген болжам бар.

Өңірдегі Сергеев су қоймасында арнасынан асқан судың биіктігі 363 сантиметрге жетіп, қазір төмендеп жатыр. Тасқынның бірінші кезеңінде бұл көрсеткіш 425 сантиметр болған еді.

Облыс бойынша 14 мыңнан астам адам эвакуацияланған, оның 800-ге жуығы үйлеріне оралды.


Фото: alash.kz