Депутат Ерлан Саиров Қазақстанда TikTok-ты шектеуді ұсынды

Бар болғаны 2 жылда TikTok әлеуметтік желісіне 15 млн-ға жуық отандасымыз тіркелген. Депутаттар бұған алаңдаулы.

Олар бала психологиясына кері әсер ететін контенттер көбейіп кеткенін айтады. Сондықтан желіні шектеуді ұсынды. Ұсыныс қолдау таба ма? Ел ішінде осы сауал қызу талқыға жүріп жатыр. Бірі TikTok-ты расымен де шектеу керек десе, басқасы тик-ток керісінше қажет екенін айтады.