280 әскери қызметші Атырауға көмекке аттанды

280-нен астам әскери қызметші Оралдан Атырау облысына көмекке аттанды. Қызылорда мен Маңғыстау облыстары төтенше жағдай департаменттерінің жеке құрамы және Төтенше жағдай министрлігі Қарағанды қаласындағы әскери бөлімнің қызметкерлері бірігіп, су басқан аймаққа жолға шықты.

Қазіргі таңда облыс көлемінде су тасқынына қатысты жағдай тұрақталып, Жайық өзеніндегі су деңгейі қауіпті межеден түсіп келеді. Соған байланысты әскери қызметшілердің алдыңғы легі кейін қайта бастады.


Фото: inform.kz