Президент тасқыннан зардап шеккен аймақтарды қалыпқа келтіруге 5 ай уақыт берді

Президент тасқыннан зардап шеккен аймақтарды қалыпқа келтіруге 5 ай уақыт берді.

«Ең алдымен, азаматтарға шығындарын өтеу үшін тиісті өтемақы төленеді. Үй-жай құрылысы басталады, баспана беріледі, бүлінген инфрақұрылым жөнделеді. Осы қыруар жұмыс өте аз уақытта, яғни жаз бен күздің 5-ақ айында аяқталуға тиіс. Бірақ біз бірлесіп, бұл шаруаны абыройымен атқарып шығамыз деп сенемін»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент әкімдіктерге құрылыс кезінде  тиісті ереже талаптарын қатаң сақтауды ескертті.

«Өзен жағасына үй салу қауіпті, себебі оны қайтадан су шайып кетуі мүмкін. Сондықтан құрылыс салатын жерді таңдағанда елді мекеннің гидрологиялық және географиялық ерекшелігін қаперде ұстаған абзал. Әкімдіктер тиісті ереже талаптарын қатаң сақтауға тиіс. Алдағы ауқымды құрылыс жұмыстары жұртқа жаңа мүмкіндіктер береді деп ойлаймын»,-деді Президент.


Фото: tengrinews.kz