Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды

ҚР Президентінің Жарлығымен Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды.

Нұрдәулет Қилыбай 1978 жылы Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында дүниеге келген.

Білімі жоғары. «Тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі инженер», «Қаржы және қаржы құқығы» маманы. 2018 жылы АҚШ-тың Бостон қаласында Stafford House халықаралық мектебінде білім алған.

Ол бұған дейін «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры қызметін атқарды.