Босния және Герцеговина астанасы Сараево қаласында кіші футболдан әуесқойлар арасында Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты.
Ел құрамасы ширек финалда Әзербайжанды қапы қалдырып кетті. Ойынның негізгі кезеңі 0:0 есебімен тең аяқталды. Қазақстандықтар қарсыласын пенальти сериясында 7:6 есебімен жеңіп кетті.
Айта кетсек, Әзербайжан құрамасы өткен Еуропа чемпионатында жеңімпаз атанған еді. Енді жартылай финалда қазақстандықтар Сербия және Бельгия жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Дереккөз: inform.kz