Құрбан шалу рәсімін онлайн өткізуге арналған сайт қосылды

Құрбан шалу рәсімін онлайн өткізуге арналған сайт қосылды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы qurban2024.kz сайтын таныстырды.

Айта кетейік, онлайн түрде құрбан шалам деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, Kaspi QR арқылы қажетті қаражатты аудара алады. Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады. Тапсырысыңыз сәтті өтсе ұялы телефоныңызға смс хабарлама келеді. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен нөмірге жіберіледі.


Фото: stan.kz