Бектенов екі өңірдің әкімдігіне ескерту жасады

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов су тасқынынан бүлінген үйлердің құрылыс жұмыстары баяу жүріп жатқанын айтты.

"Тағы да еске саламын – жаз мезгілі қысқа, бәрін белгіленген мерзімде, әрі сапалы етіп жасауға біраз уақыт талап етіледі. Өкінішке қарай, жергілікті билік органдарының жұмысында салғырттық, шешім қабылдауда баяулық, ұйымдастыру ісінде әлсіздік байқалады. Әсіресе Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының белсенділігін арттыру қажет", - деді Үкімет басшысы.