Елдегі 89 қаланың 65-і сумен толық қамтылған – Құрылыс министрі

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында 2025 жылға дейін елдегі 24 қаланы сумен қамту толықтай аяқталатынын айтты.

«Қала халқын сумен қамтамасыз етуге тоқталсақ, республикадағы 89 қаланың 65 толықтай сумен қамтылған. Жыл соңына дейін Шымкент, Державинск, Шемонаиха, Екібастұз және Шардара қалалары толықтай сумен қамтамасыз етіледі. 2025 жылы 19 қаланың тұрғындарын 100% қамтамасыз ету жоспарланып отыр», - деді министр.

Сондай-ақ, ол биыл халықты сумен қамту жобалары аясында асыруға 218 млрд теңге жұмсалатынын айтты.

«Оның 106 млрд теңгесі қалаларға және 112 млрд теңгесі ауылдарға бағытталады. Бұл жобаларды іске асыру есебінен 2024 жылдың аяғына дейін қала тұрғындарының 99,5% және ауыл тұрғындарының 97,8% ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда», - деді Қанат Шарлапаев.



Фото: ortalyq.kz