Онкологияны емдеу қаражаты неліктен қысқарады?

Елімізде онкологиялық ауруларды емдеуге жұмсалатын бюджет қаражаты 20 процентке қысқарады деген Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы шыққан-тұғын. Мәселе өзекті болғандықтан (елімізде 205 мыңнан астам науқас онкологиялық аурулар тізімінде тұр, жылына 13 мыңнан астам адам көз жұмады), ҚР Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің депутаттары арнайы дөңгелек үстел өткізді. Оған сала мамандары – онколог-дәрігерлер, институт басшылары, осы аурумен күресіп жүрген азаматтар шақырылды. Бұл, Парламенттік тыңдау форматында өткен келелі жиын болды. Комитет мүшесі Таңсәуле Серіковті осы мәселе бойынша «Қазақ» радиосының «Мінбер» хабарына шақырған едік. Сұқбаттың толық нұсқасын осы жерден тыңдай аласыздар.



Фото: naked-science.ru