Олимпиада жүлдегерлері өз киімдерін ҚР Ұлттық музейі қорына табыстады

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Олимпиада жүлдегерлерінің киімдерін табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға чемпион Ольга Рыпакова мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері қатысты. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта мұражайда 654 костюм болса, оның 223-і спортшыларға тиесілі. Олардың қатарында Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Серік Сәпиев, Бақтияр Артаев, Александр Винокуров, Денис Тен және басқалардың спорттық киімдері бар.

Бүгінгі таңда топтама Токио-2020 Олимпиадасында Қазақстан құрамасының ту ұстаушылары Ольга Рыпакова мен Қамшыбек Құнқабаевтың ерекше киімдерімен толықты.