Білікті кадр – мемлекеттік аппарат тірегі

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі бар. Осында мемлекеттік басқару саласында жүрген кадрлар біліктілігін арттырады, тағылымдамадан өтеді. Кадр тапшылығы дегенді естіп жүргенімізбен, осы олқылықтың орнын қалай толтырып жатыр дегенге жауап іздеп жүретінбіз. Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің директоры Талғат Жақиянов «Қазақ» радиосының «Мінберіне» шығып, сұрақтарымызға жауап берді. Хабарды жүргізген Жанболат Шәкім.


Фото: gov.kz