«Келешек» ерікті жинақтаушы жүйесін Қазақстандықтар қашан пайдалана алады?

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек "Келешек" бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізудің егжей-тегжейін айтты.

"Келешек" бойынша тиісті заң жобасы әзірленіп, жыл басында Мәжіліске енгізілді. Алғашқы шоттарды 2024 жылдың соңына дейін ашуға болады", - деді Саясат Нұрбек.

Өткен жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Келешек" бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырған болатын. Бұл бағдарлама мемлекеттен бастапқы білім беру капиталын, мемлекеттік сыйлықақыны жыл сайын төлеуді, инвестициялық табысты көздеуге тиіс. Бұл жинақтар "Ұлттық қор – балаларға" жобасы шеңберінде қалыптастырылған қаражатпен бірге қазақстандық балаларға сапалы білім алуға мүмкіндік береді.

"Егер балаға ақша жинап, грантқа түссе, бұл қаражатты тұрғын үй сатып алуға бағыттауға болады. Егер отбасы көп балалы болса, онда сіз үлкен баладан кейін баратын бауырларға, әпкелерге бұл шотты оларға аударуға болады. Заң жобасына енгізілген", - деді министрлік басшысы.


Дереккөз: Tengrinews.kz