Олжас Бектенов: Үкімет экономика өсімін қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерін салады

Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттардың сұрақтарына жауап бере отырып, ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов экономиканың 6% деңгейінде өсуіне қол жеткізу жөніндегі шаралар туралы айтты.

Бүгінгі таңда 8% деңгейінде өсудің оң көрсеткіштері құрылыс, көлік және байланыс салаларынан көрінді. Жаппай су тасқынына байланысты саудада белгілі бір төмендеу байқалды. Дегенмен, бүгінгі таңда бұл саладағы өсу динамикасы белсенді түрде қалпына келтірілуде.

Оның айтуынша, қазіргі күрделі геосаяси жағдайға және негізгі сауда серіктестерінің ағымдағы жағдайына қарамастан, Үкімет Мемлекет басшысының экономиканың өсуін қамтамасыз ету жөніндегі алға қойған міндетіне қол жеткізу үшін бар күш-жігерін салады.

Толығырақ оқу.


Фото: primeminister.kz