Қазақстан көмір станцияларының газға көшуіне мүдделі

Қазақстан жаңартылатын, атом және сутегі энергетикасын дамытуға, көмір станцияларының газға көшуіне мүдделі. Бұл туралы Астанадағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің энергетика министрлерінің төртінші кеңесінде ҚР Энергетика министрі Алмасдам Сәтқалиев мәлімдеді.

Біз орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етудің және ШЫҰ мемлекеттерінің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұлттық басымдықтарына сүйене отырып, жаһандық климаттың өзгеруі мәселелері тұрғысынан осы бағытты дамытуға мүдделіміз, – деді Алмасдам Сәтқалиев кеңесте.

Ол дәстүрлі энергия түрлерін пайдалану қажеттілігін ескере отырып, ғылыми тәсілге негізделген және энергияның жаңа түрлерін теңдестірілген енгізуді қамтитын төмен эмиссиялық энергетикаға көшуге бағытталған нақты бағытты ұстану маңызды екенін атап өтті.

Толығырақ.

Фото: Pixabay