Қазақстандағы ең ұзын автомобиль тоннелі шілде айында пайдалануға беріледі

Биыл автожол саласында бірнеше маңызды жобаны аяқтау көзделген. Солардың бірі Түркістан облысы Шақпақ баба асуындағы Қазақстандағы ең ұзын автомобиль тоннелі (840 м) тамыз айында пайдалануға беріледі. Тоннелдің ашылуы қыс мезгілінде жүргізушілерге кедергісіз жүруге мүмкіндік береді. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев баяндады.

Фото: sputnik.kz