Орталықта инвесторларға жоба идеясынан бастап, оның іске асырылғанша дейін қолдау көрсетіледі.
Бүгінгі таңда пилоттық режимде Орталық алаңында 23 кездесу өткізілді, оның 13-і шетелдік инвесторлардың қатысуымен. Орталықтың ашылу рәсіміне ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Назира Нұрбаева, «Kazakh Invest» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Ержан Елекеев, «KAZENERGY» бас директоры Әлібек Қуантыров, ҚР-дағы Мажарстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Отто Иван Рона, сондай-ақ Мажарстан мен Қытайдан келген компаниялардың өкілдері қатысты.
«Aqmola INVEST» құру Ақмола облысының экономикалық әлеуетін нығайту жолындағы маңызды қадам болады. Инвесторлармен өзара іс-қимыл және Мемлекеттік қызметтерді алу «бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Бұл өңірдің қолайлы инвестициялық имиджін одан әрі қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті облыс әкімі Марат Ахметжанов.
Фото: Ақмола облысының әкімдігі