Қазақстанда республикалық орфографиялық комиссия құрылады

Тіл саясаты комитеті "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Үкімет қаулысының жобасын дайындады.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереже "Республикалық орфография комиссиясын құру және оның қызметін қамтамасыз ету" мазмұндағы тармақшамен толықтырылады.

Комитет қазіргі кезеңде қазақ тілінің орфографиясын жүйелеу аса маңызды мәселе болып табылатындығын айтты. Осыған байланысты ғылыми негізделген нұсқада қазақ тілінің емлесін әзірлеу және бекіту үшін арнайы орфография комиссиясын құру қажет.

"Бұл міндет ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы қаулысымен бекітілген ҚР-да тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының 3-бөлімінде көзделген", - делінген негіздемеде.


Фото: Zakon.kz