Бектенов пен ЕО дипмиссияларының басшылары логистикалық ынтымақтастық келешегін талқылады

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуропалық Одақтың ҚР-дағы өкілдігінің елшісі Кестутис Янкаускас пен ЕО елдерінің дипломатиялық миссиялары басшыларының қатысуымен «Қазақстан – Еуроодақ» диалогтық платформасының 15-ші отырысы өтті.

Қазақстанның негізгі серіктестерінің бірі ретінде Еуропалық Одақтың үлесіне тартылған инвестицияның 40%-дан астамы және сыртқы сауданың шамамен 30%-ы тиесілі. Диалог платформасының отырысында сауда-экономикалық, инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту әрі нығайту, көлік және логистика саласындағы жобаларды бірлесіп іске асыру мәселелері қаралды.

Атап айтқанда, Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) аса перспективалы бағыттардың бірі ретінде дамыту жоспары талқыланды.

Фото: primeminister.kz