2028 жылы елімізде үш жылу электр станциясы салынады

Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты. Жаңа станциялар Семей, Өскемен және Көкшетау қалаларында ашылады. Құрылысты ресейлік компаниялар жүргізеді.

Семейдегі жылу электр станциясының техникалық-экономикалық негіздемесі биыл аяқталуы тиіс. Тек содан кейін құрылысқа кіріспек. Ал Өскеменде нысан құжатын әзірлеу жұмысы келер жылы басталады.

Ең бірінші болып құрылыс жұмыстары жылу орталығы жоқ Көкшетау қаласында жүргізіледі.