Арал суы тағы толыға түспек. Дүниежүзілік банк грант бөлді

Су ресурстары және ирригация министрі Солтүстік Аралды сақтау жөніндегі жобаның екінші кезеңі басталатынын хабарлады.

«Жобаның бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша Көкарал бөгеті салынды және Солтүстік Аралдағы су көлемі 27,1 млрд текше метрге жетті.
Екінші кезең су ресурстарын басқаруды жақсартуға, балық шаруашылығы мен экотуризмді дамытуға, өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға және Солтүстік Арал теңізінде су жинақтаудың көлемі мен тиімділігін арттыруға арналған»,
– деді Нұржан Нұржігітов.

Айта кетейік биыл 1 қаңтардан бастап Қазақстан Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық етеді.


Дереккөз: atamekenbusiness.kz