Джо Байден президенттік сайлауға қатыспайтынын мәлімдеді

Ол өз кандидатурасынан бас тартты. Сайлау додасынан бас тартса да, әзірге президент болып қала беретінін айтып, әлеуметтік желіде жазба қалдырды.

«Президент ретінде қызмет ету мен үшін үлкен мәртебе болды. Мен қайта сайлануға ниет білдірсем де, сайлаудан шығып, президент ретінде лауазымдық міндетім толық аяқталғанша қызметімді атқарсам бұл партия мен ел үшін тиімді болады деп ойлаймын»
— деді Байден.