Банкроттыққа онлайн өтініш беруге болады

Енді қазақстандықтар банкроттыққа онлайн режимде өтініш бере алады. Ол үшін жаңадан «Qoldau» ақпараттық жүйесі іске қосылды. Оған 24 мемлекеттік органның базасы біріктірілген.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, азаматтар жүйенің көмегімен банкрот мәртебесіне өтініш беріп, талаптарға сәйкестігін автоматты түрде тексере алады. Порталдың тағы бір артықшылығы – жеке тұлғаға өтініші мақұлданбаған жағдайда себебі мен қандай деректерді түзету қажеттігі туралы хабарлама келеді. Шілде айындағы ақпарат бойынша Алматы қаласында банкроттыққа 9 мыңға жуық өтініш түскен. Оның 6,5 мыңнан астамы қабылданбаған. Ал 730 өтініш бойынша соттан тыс банкроттық рәсімі басталды. 1400 азамат банкрот деп танылды.


Фото: fingramota.kz