«Қазпошта» кассирлері 84 млн теңге жымқырған

«Қазпошта» кассирлері 84 млн теңге жымқырған. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше Алматы облысындағы халыққа қызмет көрсету бөлімінде жұмыс істейтін қызметкерлер 2 жыл бойы паспорт және жеке куәлікті рәсімдеу кезінде мемлекеттік баждың бір бөлігін иемденіп отырған.

Ал көші-қон қызметіне жалған ақпарат енгізілген түбіртек ұсынған. Қазір істің мән-жайы анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.


Фото: gov.kz