Олжас Бектенов: Ауыл медицинасы білікті дәрігерге мұқтаж

Үкімет Ұлттық жобаны іске асыруға 60,3 млрд теңге бөлді. Оның 21 млрд теңгеден астам бөлігін өңірлер алып үлгерді.

Ауыл медицинасы жаңа медициналық мекемелермен білікті кадрларға мұқтаж. Сондықтан «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын сапалы іске асыру – біздің алдымызда тұрған басты міндеттердің бірі. Ұлттық жобаны іске асыру барысын ақпан айында қарадық. Ол кезде бекітілген кестеден біршама артта қалу байқалған болатын. Соған сәйкес тиісті тапсырмалар берілген.

Бүгін көріп отырғанымыздай, ауқымды жұмыстар жүргізілген. Жобалау-сметалық құжаттардың барлығына мемлекеттік сараптама қорытындысын беру толығымен аяқталды. Мердігер-компаниялар айқындалып, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, - деді Бектенов.