2025 жылға дейін 32 аудандық аурухана күрделі жөндеуден өтеді - Ақмарал Әлназарова

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында аудандық ауруханаларды жаңғырту жұмыстарының барысы туралы баяндады. Оның айтуынша, Ұлттық жобаға енген 32 аурухананың көбінде әлі жөндеу жұмыстары басталмаған.

«Ұлттық жобаның екінші міндетінің аясында 32 аудандық аурухананы жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда екі аудандық аурухананы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. 10 нысанда құрылыс жүріп жатыр, 5 нысан конкурстық рәсімдерден өтуде. 5 жобаға сараптама жасалып жатыр. Тағы 8 жобаға жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр. Бұл жобалар 2023-25 жылдарға арналған», - деді Ақмарал Әлназарова.


Дереккөз: qazaqstan.tv