Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентін туған күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёевке бақ-береке және Өзбекстан халқының игілігі жолындағы жауапты қызметіне табыс тіледі.

Президент сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық, тату көршілік және одақтастық қатынастарын нығайтуға Шавкат Мирзиёевтің қосқан зор үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Тараптар екіжақты өзара ықпалдастықтың жоғары қарқынын атап өтіп, сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты арттырудың перспективаларын талқылады.