Қазақстандықтар енді дәрігерге қаралғанын мобильді қосымша арқылы растайды

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтерді қосып жазудың алдын алуға бағытталған жаңа тетіктерді әзірлеуге кірісті. Ұсынылған цифрлық шешімдердің ішінде:

✔️Пациенттің мобилдік қосымшасы арқылы медициналық көмекке баруды және қабылдауды растау.

✔️FaceID технологиясын қолдана отырып пациентті анықтау.

✔️QR-кодын немесе пациенттің бірегей цифрлық құжат кодын сканерлеу.

Жұмыс тобы бақылауды күшейту үшін қосымша шараларды енгізуді де қарастырады. Жақын арада олардың тиімділігін және елдің медициналық мекемелерінде практикалық қолдану мүмкіндігін анықтау үшін ұсынылған тетіктерді бағалау жүргізіледі.

Бұл шараларды енгізу қосып жазудың санын едәуір азайтуға және пациенттердің денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін қалпына келтіруге көмектеседі.