Елімізде ауыл шаруашылығы санағы өтеді

Пилоттық науқан 54 елдімекенде және қалалық жерлерде 20 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында жүргізіледі.

Санақ жер және егіс алқаптары, жануарлар мен құстар саны, техника мен жабдықтар, сондай-ақ ауыл шаруашылығы инфрақұрылымына қатысты басқа да нақты деректерді жинауға мүмкіндік береді.

Негізгі мақсат – санақ әдісін, ақпараттық жүйелерді сынақтан өткізу, сондай-ақ интернет пен әкімшілік деректердің сапасын бағалау.


Фото: atamekenbusiness.kz